Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі» МКҚК келесі тізімдегі педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Олар:
Эстрадалық вокал мұғалімі - 2 адам, толық мөлшер
Фортепиано мұғалімі - 2 адам, толық мөлшер
Домбыра мұғалімі - 3 адам, толық мөлшер
Сольфеджио - теория мұғалімі - 1 адам, толық мөлшер
🪗Баян - аккордеон мұғалімі - 1 адам, толық мөлшер
Қыл - қобыз мұғалімі - 1 адам, толық мөлшер
Хореография мұғалімі - 2 адам, толық мөлшер
Еңбек мөлшері еңбек өтіліне және біліктілік санатына қарай есептелінеді.
Өнер мектебіне бос лауазымдар туралы ақпаратты мектептің ресми сайтында http://kazangapmektebi.testim.kz/kz, мектептің инстаграм және фейсбук парақшаларынан көруге болады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.