«Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі» МКҚК келесі тізімдегі педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Олар:
Эстрадалық вокал мұғалімі- 2 адам, толық мөлшер
Фортепиано мұғалімі- 2 адам, толық мөлшер
Домбыра мұғалімі- 3 адам, толық мөлшер
Сольфеджио-теория мұғалімі- 1 адам, толық мөлшер
Баян-аккордеон мұғалімі- 1 адам, толық мөлшер
Қыл-қобыз мұғалімі- 1 адам, толық мөлшер
Хореография мұғалімі- 2 адам, толық мөлшер
Еңбек мөлшері еңбек өтіліне және біліктілік санатына қарай есептелінеді.
Өнер мектебіне бос лауазымдар туралы ақпаратты мектептің ресми сайтында http://kazangapmektebi.testim.kz/kz, мектептің инстаграм және фейсбук парақшаларынан көруге болады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.