«Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2 тарау 5 тармағы негізінде қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгерту туралы хабарлайды.
«Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны қамқоршылық кеңес құрамына екі мүшесінің жеке өтініштері бойынша бос орынға жаңа екі мүшесін сайлауға сәйкес қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Қамқоршылық кеңес - «Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі» МКҚК - нің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық - техникалық базасын күшейтуге, мектептің мәдени, сауықтыру іс - шараларын, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге жәрдемдеседі.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер және әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата - аналары немесе заңды өкілі.
Ұсыныстар хабарлама шықаннан кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданады.
Байланыс телефондары: 8-701-453-74-73
Мектеп директоры: Құдайбергенов Жалғас Құдайбергенұлы
Электронды пошта: