Өскелең ұрпаққа, өңірімізден шыққан белгілі тұлғаларды таныстырып, шығармашы
лықтарын насихаттау мақсатында журналистика класының жетекшісі Сундеталина Сандуғаш Қаныбекқызы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист, зерттеуші, айтыскер ақын Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауовпен сыр сұхбат өткізді. Сұхбат барысында ақын өз өмірінің балалық шағымен, туған жері туралы естеліктер айтып, айтыс мәдениеті мен, айтыс әлеміне жетелеп апарған шәкірттері туралы сөз қозғады.