13 сәуір күні мектебіміздің “Space kids” вокалдық ансамблінің алғашқы есептік концерті өтті.Шара шымылдығын өнерпаздар “Зымыран” әнімен ашып, ансамбльдің құрылуы жайында видеороликпен бастады.Сонымен қатар, концертте кеш қонақтары “Voice kids” вокалдық ансамблі, “Қазына” би ансамблі өнер көрсетіп, өнерпаздар әуезді ән мен мәнерлі би арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Кеш соңында ансамбль жетекшісіне және шараға атсалысқан әрбір ұстаз бен ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді.