Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай 2024 жылдың 22 ақпан күні қалалық білім бөлімі және ғылыми - әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде “Сәндік қолданбалы өнер, бейнелеу өнері - дәстүрлі емес техникадағы әдіс - тәсілдері” тақырыбында жалпы білім беру мектептерінің көркем еңбек және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған шебер - класс өткізілді.