Жалпы “Шыбық қадап, тал отырғызу - сауапты іс” деген дана халқымыз. Қазіргі кезде, тал егу дәстүрі еліміздің түкпір - түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама. Сол себепті, бүгін ұстаздар қауымы мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысып, өнерлі ордамыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.