Астана қаласында «Қосымша білім беру орталықтарының үздік кейстері» тақырыбы аясында республикалық семинар өтті. Жиынға ҚР Премьер - министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова және оқу - ағарту ісі вице - министрі Еділ Сабырұлы қатысты. Ақтөбе облысының білім басқарма басшысы Жайық Исаұлымен бірге мектебіміздің директоры Ж.Құдайбергенов өңірдегі қосымша білім беру ұйымдарының жетістіктерімен бөлісті.