07.04.2026 Қазанғап ат. БӨМ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының қолдауымен, Қазанғап Тілепбергенұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында «АҚЖЕЛЕҢ – 2026» облыстық онлайн жас күйшілер байқауы өткізілді.
Байқауға 11–13 және 14–16 жас аралығындағы 37 жас күйші қатысып, өз өнерлерін паш етті. Әр қатысушы Қазанғаптың күйін және өз таңдауы бойынша бір шығарманы орындап, шеберліктерін көрсетті
Нәтижесінде, қазылар алқасы хаттамасы негізінде:
6 қатысушыға – I орын
12 қатысушыға – II орын
18 қатысушыға– III орындар тағайындалды.
Барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз!